Русский Сайттың толық нұсқасы

Жастар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жолдарын талқылады

  • AstanaTV
  • 11 маусым 2019
  • 2785

Жастар президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасын іске асыру жолдарын талқылады. «Jas Otan» жастар қанаты республикалық ұйымдардың көшбасшыларымен бағдарламадағы міндеттерді іске асыруға қатысты өз көзқарастарымен бөлісті. Олардың қатарында жас ғалымдарды ынталандыруға бөлінген 3 млрд теңгенің жұмсалу реті, старт-аптарды қолдау және жұмыспен қамту секілді өзекті мәселелер бар. 

Дәулет КӘРІБЕК, «JAS OTAN» ЖҚ ТӨРАҒАСЫ:

Жас ғалымдар айтып жатыр ғылым саласына бөлінетін 3 млрд теңге жобалық негізде бөлінсе, өз деңгейінде жетуін, жас ғалымдарға тікелей жетсе деген. Сонымен қатар президенттік кадрлық резревге жиналатын 300 адамның жасы 35-ке дейін болса дейді. Біз жастардың, халықтың барлық әлеуметтік тобын қамтуға, олардың барлық сұрақтарын шешуге барымызды салатын боламыз.

Ә. Өмірзақ