Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2019
  • 3428

Елде президент жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысы шықты. Президент әкімшілігіне оны құру үшін саяси партия көшбасшыларымен, үкіметтік емес ұйым, азаматтық сектор өкілдерімен кеңесуге бір ай уақыт берілді. "Аманат" азаматтық алаңының өкілі диалог орнатуға бағытталған кеңеске жастар көбірек тартылса деп отыр.  

Лима ДИАС, "АМАНАТ" АЗАМАТТЫҚ АЛАҢЫНЫҢ ӘКІМШІСІ : 

Сайлау науқаны барысында кей азаматтардың оның қорытындысына қатысты реакциясы екіге жарылғанын көрсетті. Сондықтан да жұрттың сенім арта алатын кеңестің құрылуы маңызды. Сенің ойыңмен сай келмесе де, басқаның пікірімен санасу қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев кеңесті құрғанда, қоғамның түрлі өкілдері бір үстел басында ашық диалогқа келіп, өзара сенімді арттыруды қаласа керек. Кеңеске барлық пікірдегі азаматтар, жастар тартылса екен дейміз.

А. Сейфулла