Ақтөбеде шектен тыс зиянды қалдықтар төккен үш мекеме өз жұмысын уақытша тоқтатты. Мейрамхана, дәмхана және Орталық базардағы ет бөліміне тиесілі кәріз құбырларын бүгін арнайы қызмет мамандары жауып тастады. Бұған бұл мекемелерден алған зертханалық сынаманың қорытындысы себеп болған.
- 120 человек без работы сейчас! Что превышает?! Где это написано, давайте проверим! Где вы нормы берете?!
Осындай айқай шумен бүгін қаладағы бір мейрамхананың кәріз құбыры жабылды. Мамандар бұл мекемеден үш рет сынама алып, зиянды заттардың әсіресе тұз бен сульфаттың, ерімейтін майдың мөлшерден тыс екендігін анықтаған. Кәсіпкерлер бұған дейін жасалған ескертуге құлақ аспаған соң, осындай қадам жасауға мәжбүр.
- Кәріз құдығына кіріп жатыр...
Сонымен қатар тамақтану орны, көлік жуу секілді қызмет көрсету орындары қалдық майды сүзетін құрылғыларын пайдаланбайды, кейде оны техникалық тазартудан уақтылы өткізбейді. Сондықтан кәріз құдығын мейлінше ластаған. Қала тұрғындары да қалада қолқа қабатын жағымсыз иістің барына шағымданып отыр.
- Далаға шықсаң бар ғой. Не возможно иіс деген масқара. Таңғы 4-те болады кейде терезені ашайын десең терезеден келіп тұрады. Жаңбыр жауғанда жауын тұрғанда иіс үнемі.
- Кешке таман шығады. Мүмкін емес демалуға, үйге кіріп кетеміз. Терезелерді жауып аламыз.
- Желді күндері қатты шығып кетеді. Балаларды далаға шығара алмаймыз. Шанхайда бәрінде осы иіс.
Биыл 5 айда 600-ден астам сынама алынып, зиянды заттарды асыра төккен 100 мекеме анықталыпты. Ал 46 мекеме бір емес, бірнеше рет заңсыздыққа жол берген. Ескертуді елемеген жиырма бес мекеме иесі жазаланған.
Тимур БАБАНАЕВ, «АҚБҰЛАҚ» АҚ ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
«Бұл мекемелерге тиісті шара қолданылсын. Тиісті заттарын жасасын. Құрылғыларын қондырсын. Содан кейін бізге хабарлаған соң, тағы сынама аламыз. Сынама нәтиже шектен тыс зиянды заттар азайса, бұл мекемені кәріз жүйесіне қайтадан қосамыз».
Бүгін қызметін тоқтатқан мекемелер енді тазалағыш қондырғылары мен май сүзгілерін орнатуы тиіс. Сонда ғана қызметін жалғастыра алады. Экологтар қалада жағымсыз иістің барын мойындап отыр. Соңғы рет ауадағы зиянды заттың мөлшері артқан.
Ерболат ҚОЖЫҚОВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
«Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иістің негізге көзі - "Ақбұлақ" АҚ қондырғылары болып есептеледі. Кәріз тазалау қондырғысы деп айтамыз. Канализацияда жағымсыз иістің пайда болатыны өңдірістік нысандар, басқа да кафе, мойкалардың канализацияға тастайтыны нормадан тыс болуы».
Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:
Халық жағымсыз иістен арылу үшін кәріз құбырын тазалау қондырғысын жаңарту қажет. Мамандар осылай деп отыр. Ол үшін арнайы жоба жасалып, мемлекеттік сараптама да жасалыпты. Жоба 16 млрд теңгеге бағаланып отыр.
Б. Рахметова