Русский Сайттың толық нұсқасы

Заңсыз митинг кезінде ұсталған 180 адам қамауда

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2019
  • 4860

Заңсыз митингілерге қатысқан 957 адамды сот жазалады. Олардың 670-і қамалып, 115-іне айыппұл салынған. Бұл туралы Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Сапарбек Нұрпейсіов мәлімдеді. Оның айтуы бойынша, құқықбұзушыларға қатысты әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылған. Ал, заңсыз шеруге қатысқан 200-дей адамға ескерту берілген.  

Сапарбек НҰРПЕЙСІОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: 

Қадағалау өкілеттілігі аясында прокурорлар жасаған әрекетінің заңсыз екенің түсінген, жеке басын, отбасылық және басқа да мән-жайларды есере отырып, соттарға 311 тұлғаға қатысты олардың қамақтан алу мерзімдерін төмендету жөнінде аппеляциялық өтініш хаттар келтірді. Сот қолдады. Олар босатылды.

Қамаққа алу мерзімінің өтуіне байланысты 63 адам бостандыққа бүгін шықты. Қазіргі уақытта арнайы қабылдау орындарында 180 адам отыр. 100 адам Алматы қаласында, қалқалған 80-і елордада қамауда.

Сапарбек НҰРПЕЙСІОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ:

Шағым түскен кезде, тікелей сотқа да түсіре алады қамауда отырғандар. Прокуратура органдары арқылы да немесе өздерінің қорғаушылары арқылы да түсіре алады. Бір тәулікте қаралады қамауда жатқандарға байланысты. Әрине, қамауда отырған адамдардың мерзімін қысқарту заңда мүмкіншілік берілген.

Сондай-ақ, Сапарбек Нұрпейісов митинг өткен күндері байланыс құралдары мен интернеттің бұғатталуына қатысты прокуратураға ешбір арыз--шағым келіп түскен жоқ деді. Оның мәліметіне қарағанда, табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларда Қазақстанда желілер мен байланысты тоқтату құқығына Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Ішкі істер министрлігі мен Қорғаныс министрлігі ие.

Н.Біләл