Русский Сайттың толық нұсқасы

Brent маркалы мұнай бағасы бір тәулікте 4% төмендеді

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2019
  • 1973

Brent маркалы мұнай бағасы тағы да төмендеді. Бір тәулікте қара алтын құны 4 пайызға құлдилады. Таңдағы баррель бағасы 59,8 долларды құрады. Шикізат құнына Энергетика министрлігінің мұнай қоры туралы есебі әсер еткен. Ондағы мәлімет бойынша бір аптада өнім 2,21 млн баррельге артқан. Ақпаратты ЛС порталы хабарлады. Естеріңізге салайық, бұған дейін Ресей энергетика министрі ОПЕК+ тез арада өндіріске шектеу қоймаса, бір баррель 30 долларға дейін төмендейтінін мәлімдеген еді. Бірақ Дүниежүзілік банк болжамынша, биыл мұнай баррельінің орташа бағасы 66 долларды құрамақ.    

Г. Меңдеева