Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі бір жылда 38 %-ға өсті

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2019
  • 3442

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі бір жылда 38 пайызға өсті. Энерджипром.кз сайтының хабарлауынша өндіріс көлемі биылғы 4 айда 84 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырғыдан әлдеқайда көп. Осы сәуірде отандық зауыттарда 4 мыңнан астам автокөлік шығарылды. Бұл наурыздағыдан шамамен 40 пайызға артық. Ал қаңтар мен сәуір аралығында 12 мыңнан артық машина жасалды. Өндірілген техниканың 94 пайызы жеңіл автомобиль екен. Қалғаны жүк көлігі, автобус, тіркеме және арнайы автотехника. Елде Лада, Шкода, Шевроле, Киа, Хенде, Джак, Пежо және Равон секілді маркалар өндіріледі.  

Д. Қайыртай