Русский Сайттың толық нұсқасы

5 қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2019
  • 2333

Нұр-Сұлтанда өрттен көз жұмған бес қыздың өліміне қатысты іс тоқтатылды. Полицейлер толық тергеуден кейін істі осындай шешім қабылдаған. Қалалық полиция департаменті төрағасының орынбасары Ғазиз Нұрқаев бұл туралы брифингте айтты. Ал сараптаманың заңдылығын тексеру үшін құжат прокуратураға жіберілген. Еске салайық, биыл ақпанда бір отбасы қара жамылды. Түн ішінде тұтанған тілсіз жау бір әулеттің 5 бірдей қызын жалмап кетті. Балалардың үлкені 12-де, ал кішісі небары 3 айлық еді. Өрт кезінде балалардың ата-анасы түнгі жұмыста болған. 

А. Бектас