Нью-Йорктегі Christie's аукционында 5 ғасыр бойы үнді елінің сән-салтанатын асырған жүздеген жәдігер саудаға шығарылмақ. Көрме «Махараджалар мен Моғолдардың сән-салтанаты» деп аталады. Саудаға шығарылған бұйымдар шамамен 400 лотқа бөлініпті. Бұлар - көздің жауын алатын қымбат бағалы тастар, жасалғанына 500 жылдан асатын қару-жарақтар мен көненің бұйымдары. Олардың тарихы Үндістандағы Моғолдар әулеті билік құрған кезеңнен басталады. Сонымен қатар 21 ғасырда жасалған бағалы заттар да сатылады, дейді ұйымдастырушылар. Мұның ішінде Cartier жасаған танамоншақтар да бар. Бұл моншақтың біреуі 34 карат, екіншісі 23 караттық екі гауһар таспен безендірілген. Оның бастапқы сатылу бағасы 10-15 миллион АҚШ долларын құрайды. Christie's қызметкерлері мұндай шоу енді ешқашан ұйымдастырылмайтынын айтады.
Рахул КАДАКИЯ, CHRISTIE'S ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Мұндағы жәдігерлердің бағасы 10 мың доллар мен 10 миллион доллар аралығында. Аукциондағы 200-ден астам лоттың көбісі 50 000 доллар көлемінде. Бұл бұйымдар жалғыз данадан сатуға шығарылғандықтан, енді мұндай аукцион болмайды.
Е. Карин