Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда жарылыстан 7 адам жапа шекті

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 3174

Қостанайда көлікке техникалық қызмет көрсету бекеттіндегі жарылыстан жеті адам зардап шекті. Ауруханаға жеткізілгендердің екеуі ауыр халде жатыр. Қатты дүмпу қос қабатты ғимараттың тоқсан процентін қиратып кеткен. Алдын-ала болжамға сәйкес жойқын жарылыс көліктегі газ қондырғысының ақауынан болған. 

Заңғар САНАЙ ,ТІЛШІ :

Бекеттегі жарылыс түскі сағат он екі кезінде болған.Қатты дүмпудің салдарыан ғимараттың жалғыз ұабырғанасы ғана қалыпты.Жарылыс кезінде екінші этажда төрт адам, астында үш адам отырған.Олардың бесеуі дереу ауруханаған жеткізілді.Барлығы аман-есен.

Руслан ОРЫНБЕКОВ,ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Автокөліктерге газ орнату бекеті болып есептеледі.Сол жерге жаңағы бір көліктің газдың ақауы бар жөнінде бір кісі осы жерге келген болатын.Алдын ала болжам бойынша сол ақаудың кесірінен сол осы жерде жарылыс болған.

Көлікке дабылқаққыш құрылғысы мен газ қондырғысын орнататын автобекет Қостанайда көптен бері жұмыс істейді. Қос қабатты нысанның астыңғы жағында шағын асхана болған. Оқиға орнынан орталықтың қожайынын кездестіре алмадық. Ал жұмысшылар жарылыс кезінде бірін-бірі құтқарыпты.  

Тельман БОБРОВ, ЗАРДАП ШЕГУШІ:

Екінші қабатта отырған едік. Кенет ғимараттың едені опырылып, төмен қарай құлдилап кеттік.Не болғанын түсінбей қалдым.Бір адамды қатты басып қалыпты.Біз оны дереу алып шығып үлгердік.Кейін ғимаратты ұызыл жалын шарпып, жоғарғы жағы опырылып түсті.

Жарылыстан күйік шалғандар жоқ. Жапа шеккендер негізінен үйінді астында қалғандар. Оларды жеті минутта қалалық ауруханаға жеткізген. Жеңіл жарақат алғандары алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберіліпті. Ал ауыр халдегі екі адам жансақтау бөлімінде. Тағы екеуі травмотология бөлімшесінде жатыр. 

Ирина ШТЕЙГЕРВАЛЬД, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ БЕКЕТІНІҢ БАС ДӘРІГЕРІ: 

Науқастың бірі басынан қатты жарақаттанып, миы шайқалғанға ұқсайды.Ол жарылыс кезінде ғимараттың сыртында болған. көрінеді.Дүмпудің жарықшақтарынан жарақат алған.Жағдайы тұрақты.

Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:

Өртті сөндіруге жүзге тарта адам мен отыз шақты техника тартылды. Олар бір сағаттың көлемінде қызыл жалынды ауыздықтады. Құтқарушылар қирандының астынан екі көлікті алып шықты. Сонымен қатар тоғыз газ балонын қауіпсіз жерге шығарды.

З. Санай