Русский Сайттың толық нұсқасы

Жалақы өсіруге 144 млрд теңгеден аса қаржы бөлінді

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 2782

Биыл елде азаматтық қызметкерлердің жалақысын өсіруге 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл туралы еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлайды. Мысалы бұған дейін жоғары білімді, 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап ол - 98 961 теңге болады. Осылайша, жалақы өсімі 17 130 теңге немесе 21% құрайды. Тағы бір мысал, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысы бұрын 58 984 теңгені құраса, 1 маусымнан бастап 76 114 теңгеге көбейеді. Өсім - 17 130 теңге немесе 29%. Жалақыны арттыру денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты.

Н. Біләл