Русский Сайттың толық нұсқасы

Саяси аренада жастардың болуы заңдылық - М. Әшімбев

  • AstanaTV
  • 17 маусым 2019
  • 2613

Еліміздің саяси өміріне жастар белсенді араласуы қажет және ол үшін жағдай жасау керек. Бұл туралы NurOtan Talks алаңында айтылды. Кезекті кездесудің тақырыбы - “Team Qazaqstan: жастар және сайлау". Спикерлердің арасында жас, әрі танымал қазақстандықтар бар. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев сайлау науқанында жастардың орасан зор рөлін тілге тиек етті. Ол үлкен саяси аренада жастардың болуы заңдылық, деді.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өздеріңізге белгілі Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жастармен жұмыс істеуге жастарды қолдауға мен басымдылық беремін деп жариялады. Біздің Президентіміздің сайлауалды бағдарламасында да жастар мәселесіне қатысты біраз назар аударылып нақты жоспарлар, нақты жобалар ұсынылған болатын.    

Шара барысында Team Qazaqstan мүшелері сайлауалды науқан кезінде атқарған жұмыстары жайлы бөлісті. Олар жастарды елдің қоғамдық, саяси, әлеуметтік мәселелерін көтеруге шақырды. Айта кету керек, Team Qazaqstan жастар қанаты бұдан былай жұмысын жалғастыра береді.  

Асхат САДЫРБАЙ, ПРОДЮСЕР:

Бір-біріміздің жағамыздан ұстайтын емес, керсінше бір-біріміздің қолымыздан ұстап бірігетін уақыт негізі. Мен өткенде де айттым қазір де айтамын, болашақта да айтамын. Өйткені шыны керек, біз біріккен уақытта біздің ауызбіршілігіміз дұрыс болған уақытта біздің ойымыз бір жерден шығып бір мақсатты көздеген уақытта біз бір нәтижеге қорл жеткіземіз. Ал басқасын білмеймін.

Н. Біләл