Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайдағы жарылыс себебі анықталды

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2019
  • 2443

Қостанайдағы жарылысқа автокөлікке орнатылған газ қондырғысындағы ақау себеп. Облыстық төтенше жағдайлар департаменті техникалық қызмет көрсету орталығында болған оқыс оқиғаға қатысты осындай мәлімдеме жасады. Жарылыс жеңіл көлікке орнатылған газ қондырғысындағы ақауды жөндеу барысында болған. Департамент мамандарының айтуынша жүксалғышта жиналған газ ауа қоспасы жақын жердегі ашық от көзінен ұшқын алып, дүмпуге ұласқан.

Руслан ОРЫНБЕКОВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Соңғы тұжырым бойынша бізде газдың жарылу себептері сол станция ішіндегі болған автокөліктің газ балонынан шыққан ақаулығынан. Соның салдарынан жаңағы ақаудан шыққан газдың кептелісі жақын жерде орналасқан ашық от көздерінен жарылыс пайда болған

Сондай-ақ, осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастаған полицейлер бірқатар сараптама тағайындалғанын хабарлады «Өрт қауіпсіздігін бұзу» бабы бойынша ережені елемегендер 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл немесе үш ай қоғамдық жұмысқа тартылуы мүмкін. Үш жылға шартты түрде және бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Еске салайық, шаһардағы техникалық қызмет көрсету орталығында жойқын жарылыс болып жеті адам зардап шеккен еді.Қатты дүмпуден екі қабатты ғимараттың тоқсан пайызы қирап,өртке оранған 

З. Санай