Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банктегі 5 трлн. тг кәдеге жарап жатқан жоқ - депутат

  • AstanaTV
  • 18 маусым 2019
  • 1748

Бюджеттегі миллиардтарды отандық автоөндіріске бөлуді тоқтату керек. Мәжілістегі «Nur Otan» фракциясының комиссия отырысында Нұржан Әлтаев осындай ұсыныс жасады. Қазақстандық көлік өндірісіне 40 млрд теңге бөлініп, ол 4 жылда игерілген. Бірақ мемлекет бұл салаға қомақты қаржы бөлуді әлі де жалғастырып келеді. Машина жасайтын зауыт нарықта бәсекелесе алмаса, бақандай ақша бөлудің қажеті жоқ, дейді мәжілісмен.Миллиардтарды машина жасауға емес, қаражаты жетпей жатқан ауылшаруашылығына беруді ұсынды.

Нұржан ӘЛТАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: 

Оның үстіне ресми деректерден екінші деңгейдегі банктерде ақша бар екенін жақсы білеміз. Тіпті жыл басынан-ақ 5 трлн. тг Ұлттық банкте жатыр. Ақша кәдеге жарап жатқан жоқ. Енді келіп осының бәрін бюджет пен Ұлттық қор есебінен алмастырғымыз келеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Өңдеу өнеркәсібінде несие алуға екінші деңгейлі банктерді тартатындай қандай жұмыс жасадыңыздар?!