Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2019
  • 2675

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты. Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткен шараға 17 өңірден келген 600-ден астам жас ұлан қатысып, әскери өнерден сынға түсті. Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы жастарға сәттілік тілеп, оларды отансүйгіштікке шақырды. 

Қасым- Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мен жүрегінде отаншылдық рухы жалындаған жастардың жаңа буыны өсіп келе жатқанын көріп отырмын. Олар - сендер, Қазақстанның айбынды жастары! Бүгінгі ұрпақтың ойы - ұшқыр, білімі - озық. Отанымыз - Мәңгілік елдің беделін арттыра беру сендерге артылған зор үміт. Сондықтан жастарымыз ұлттық құндылықтарымызға адал болып, Қазақстанның жетістіктерін еселей береді, - деп мен кәміл сенемін.

«Айбын» әскери-патриоттық жиынға «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының мүшелері, әскери-патриоттық клубтар мен сыныптардың тәрбиеленушілері қатысты. Бүгінде елімізде ондай 6 мың ұйым бар. Қасым-Жомарт Тоқаев ұландардың даладағы лагерімен, оқу орталықтарымен танысты. Жастармен бірге 2050 жылғы болашақ ұрпаққа үндеу ретінде уақыт капсуласын салды. Салтанатты шарада қару-жарақ, құрлық әскерлері мен әуе қорғаныс күштері техникаларының мүмкіндіктерімен танысты. 

А. Қуаш