Русский Сайттың толық нұсқасы

А. Жайылғанованың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 19 маусым 2019
  • 2173

Жақында ғана Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы болып тағайындалған Анар Жайылғанованың депутаттық өкілеттілігі тоқтатылды. Төменгі палатаның жалпы отырысында осыған орай қаулы қабылданды. Бірақ дауыс беру кезінде бір депутат Жайылғанованың Парламенттен кетуіне қарсылық білдірген болып шықты. 

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біреу қимай жүр сізді жіберуге. Содан кейін көреміз оны. Рахмет шешім қабылданды. Құрметті Анар Нұралықызы Сізге осы Парламенттегі бірлесе атқарған жұмыстарымыз үшін барлық депутаттар атынан алғысымызды білдіреміз. Барша әріптестеріңіз сізді өте білікті заңгер тәжірбиесі жоғары маман ретінде жақсы біледі.

Анар Жайылғанова 2016 жылдан бері "Нұр Отан" партиясы атынан Парламент мәжілісінің депутаты болып сайланған еді. Ол мәжілістегі заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі болды. Демек, Мәжілісте бір депутаттың орыны бос. Сондай-ақ, бүгін мәжіліс заңға жеморлықпен ұсталғандардың басшылары да жұмыстан кетуі тиіс деген өзгеріс енгізді. Қасым-Жомарт Тоқаев мұндайда бірінші басшы отставкаға кетуі тиіс деген еді. Құжат сенатқа жолданды.

Михаил ЧИРКОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Түзетулер сыбайлас жемқорлық, жеке тәртіп пен бірінші басшылардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, саяси қызметкерлердің орнын ауыстырып отыру институтын іске қосу, қызметтік куәліктердің орнына жеке басын анықтайтын карталар енгізу көзделген.

Н. Біләл