Асқабақ пайдалы тағам ғана емес, сонымен қатар күздің символына айналған бұл жемістен түрлі ғажайып бұйымдар жасауға болады. Бұндай ғажайып шеберлікті өскемендік шеберлер көрсетті. Мұнда «Бақытты асқабақ» атты сайыс өтті. Бұл жерге келушілер сайыстың барысын бақылап қана қоймай, сонымен бірге асқабақты әдемі етіп кесуді де үйренді. Асқабақтан жасалған бұйымдардың арасында құмыралардан өзге, Күлшеқыздың әдемі арбасы мен жан-жануарлардың зообағы да көздің жауын алды. Келген қонақтарды асқабақтан әзірленген тағамдармен дәм таттырды. Байқаудағы ең үлкен асқабақ 59 келіні құрады. Көрермендерді таң қалдырған өзгеше бұйым ол - асқабақтан жасалынған киіз үй. Бұндай шеберлікті "Аналар үйі" орталығының қатысушылары ұсынған.
Найля Онгарбаева, Өскемен қаласы «Аналар үйі» орталығының үйлестірушісі:
Біз
бұл бұйымды "Рухани жаңғыру" бағдарламасының шеңберінде жасадық.
Сіздер бұл бағдарламаны білесіздер. Біз осы асқабақ киіз үй арқылы
қазақстандықтардың әдемі тұрмысын көрсеткіміз келді. Ғаламтордан қарап іздеп көрдік, асқабақтан
киіз үйді ешкім жасамаған. Бұның барлығы біздің орталықтың аналарының қолынан
шығып отыр.