Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп бітірушілер үшін ҰБТ басталды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2019
  • 2881

Ал атыраулық мектеп бітірушілердің 80 пайызы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берген. 6 оқушы емтиханды ағылшын тілінде тапсырмақшы. Биыл бұрынғыдай у-шу да, қорқыныш пен көз жасы да байқалмайды. Түлектерді ішке тексеріп кіргізуге екі сағатқа жуық уақыт кетті. Негізінен қойын-қонышына жасырған ұялы телефондар тәркіленді. Аудиторияға сусын, тәтті конфет пен дәрі-дәрмектер алып кіруге рұқсат. Түлектер бұған дейін екі мәрте сынақ тапсырып, қолдарына сертификат алып қойған. Дегенмен бүгінгі сынақ мемлекеттік гранттан үміттілер үшін маңызды.

Бағила МЫРЗАҒАЛИЕВА, МЕКТЕП БІТІРУШІ: 

Түңгі сағат 3 жарымда ұйықтадым. Бірақ көңіл күйім өте тамаша. Себебі бұл үшін мен екі жарым жыл бойы дайындалдым. Қазіргі таңда толық дайынмын деп айта аламын. Таңдап отырған пәнім дүниежүзі тарихы және ағылшын. Болашақ саясаткермін.

Жамал КӨШҚАЛИЕВА, АТА-АНА:

Биыл өте жақсы болды. Балаларға да, ата-аналарға да қолайлы, едәуір жеңілдетті. Қаңтарда, наурызда болған тесттерден балалар қорқыныштарын жеңді. Олар қазір қалай отыру керек, қалай толтырып, қалай бояу керектігін біледі. Енді тек алған білімдерін еске түсіріп, алаңсыз тапсырмасын орындау қалды.

Б. Нәдірқызы