Русский Сайттың толық нұсқасы

Оралда 18 адамның өміріне қауіп төндірген аттракцион уақытша тоқтатылды

  • AstanaTV
  • 20 маусым 2019
  • 2665

Оралда 18 адамның өміріне қатер төндірген ақаулы аттракционның жұмысы тоқтатылды. Оқыс оқиғаның нақты себептері анықталғанша, бұл қондырғыны пайдалануға тыйым салынды. Қалалық саябақта зырылдап айналып тұрған «шолу дөңгелегі» кеше кешкісін, кенеттен тоқтап қалған. Осылайша 18 адам биікте қалып қойды. Құтқарушылар автокөтергіш арқылы оларды төменге түсірді. Алтауы - кішкентай бала.  

Нұралы МУСИЕВ, БҚО ТЖД БАС МАМАНЫ:

Жоғарыда отырған адамдар, балалар бар, кішкене үрейленіп, паника деген сезімге бой алдырды. Айналдыратын тросы қысылып тоқтап қалған. Предполагаемый причина қазіргі таңда, нақты емес. Парктың директоры орнында болды. Соның айтуы бойынша бәрі ауыстырылған, бірақ осындай жағдай болып қалды.

Айта кету керек, Оралдағы демалыс орындарына қойылған түрлі әткеншектер мен батут секілді аттракциондардың жұмысын тексеріп, қадағалайтын мекеме жоқ. Мұны тексеруге тіпті төтенше жағдайлар департаментінің де құзыры жетпейді. Еліміздің өзге аймақтарындағы оқыс оқиғалардан кейін жергілікті әкімдік шұғыл жиын өткізгенімен, бұл салаға жауапты мекемені әлі белгілеп үлгірмеген.

Е. Карин