Кешелі бері жер-жерде мектеп бітірушілер сынақ тапсыруды бастап кетті. Бүгін біз мегаполис пен ауылды жердегі ұлттық біріңғай тестілеудің қалай өтетінін бақылап көрдік. Қала мектептеріндегілер жоғарғы оқу орындарына келіп тапсырса, ауылдағылар аудан ортылықтарындағы мектептерге таңмен таласа автобуспен жеткізілген. Түлектер мен олардың ата-аналары үшін қобалжуға толы сәттер жайлы келесі материалымызда.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Алғашқы күні бірыңғай сынақ тек қана бір орталықта өтті. Оған 22 мектептен 474 түлек қатысты. Алдағы бес күнде мемлекеттік сынақ қаладағы өзге жоғары оқу орындарының базасында да қабылданатын болады.
Айта кетейік, бүгін Шымкентте ауа-райы аса қолайсыз болып тұр. 36 градусқа дейін температура көтеріліп, күн қатты ыстық болды. Соған қарамастан тақымын қысқан ата-аналар алысқа тарай қоймады.
Мырзаш ЕСЕН, АТА-АНА:
ҰБТ-ға өзіміздің кішкентай қызымызды әкеліп тұрмыз. Соған кішкене переживание болып осы жерде күтіп отырмыз. Аллаға шүкір бәрі жақсы өтеді деген сенімдеміз. - дайындықта қанша жинап жүрді? -Дайындықта 120 балл жинаған, өзі алтын белгімен бітірді мектепті. Енді жақсы балл алып шығады деп үміттеніп тұрмыз.
Түскі сағат бірден өте түлектер сыртқа шыға бастады. Жүздерінде шаршаңқылық басым. Айтуларынша күтпеген сұрақтар көп болған. Тіпті кейбірі сырттан көмек ала алмағанын да жасырмайды. Түлектер нақты қандай сұрақтарға қиналғандыран ашып айта алмады.
Мақсат АРАПБАЙ:
- Сұрақтар қалай болды, ерекше бұрын болмаған?..
- Мен күтпеген сұрақтар көп болды ол жерде. Мен дайындалған сұрақтар болған жоқ.
Бағдәулет НҰРМАНБЕК:
- Жақсы болды тест. Қиын болды қиынына.
- Несімен қиын болды?
- Ешқандай көмек болмады. Ешқандай байланысқа шықпадық.
Үміт пен күдік аралас сезіммен ұзақ күткен сәтте біреулер үшін бүгін қуаныш сыйлауы мүмкін, ал енді біреулер үшін сан соқтыруы да әбден мүмкін. Айта кетейін, шаһарда биыл сегіз мыңнан астам түлек бітірсе, соның 5 жарым мыңға жуығы сынаққа қатысуға өтініш білдірген.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Ұлттық бірыңғай текст тапсыру Шымкентте 26-маусымға дейін жалғасады. Биылғы ерекшелік сол сынаққа қатысатындар арасында қазақ және орыс тілінен бөлек ағылшын тілін таңдағандар да бар. 22 түлек шет тілде ҰБТ тапсыруға ниетті. Қарағандылық әріптесім Айжан Қуаш, ауылдағы мектептерде өтіп жатқан науқанды бақылап қайтты. Сөз кезегін берейін, Айжан!
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Иә, Айзада Қарағанды облысында биыл Ұлттық бірыңғай тест ауылдардан басталды. Бүгін 8 ауданда сондай-ақ, Балқаш, Приозерск, Қаражал секілді шалғай қалалардағы мектептердде 1800 ге жуық түлек емтихан тапсырды.
Ботақара кентіндегі Юрий Гагарин атындағы орта мектепте түлектер қатаң тексеруден өтті. Бұқар жырау ауданының 30 ауыл мектебінен келген 250- дей түлек көмекші құралдары мен телефондарын кіре - берісте қалдырып, аудиторияларға қара түсті қаламмен ғана кірді. Талапкерлер бұл бақылаудың өзі қорқыныш ұялатынын жасырмады. Дегенмен, әрқайсының іштей дайындығы бар. Әсіресе, ырымға сенгіш қыздар «миға пайдалы» қара шоколад пен тұмарларын ала келіпті.
Маржан БАРАБАЕВА, ТАЛАПКЕР:
Жоғары бал алам деп үміттенем және де өзіме сенем. Ырымдап қызыл білезік кидім. Менің ойымша қызыл түс маған бақыт және сәттілік әкеледі.
Балалармен бірге ата- аналар да қобалжулы. Жүздеген шақырымды артқа тастап балаларымен бірге келген олар емтиханды мектеп ауласындағы теледидардан тамашалады.
Эльмира ЖАҚСЫБАЕВА:
Самарқанд ауылынан келдік осы Бұқар жырау ауданына қарасты. Ботақарадан 100 км- дай болады. Таңертең бала 4 жарымда тұрды. 6- ға 10 минут қалғанда жолға шықтық. Енді қобалжу бар балада. Алдында наурыз айында сәтті тапсырып кеттік. Енді білмеймін, қобалжудамыз.
Биыл Қарағанды облысында 7 506 оқушы мектеп бітірген. Оның 81пайыздан астамы Жоғарғы оқу орнына түсуге ниет білдірген. Ал, 13 пайызы жұмысшы мамандықтарын таңдаса, қалған 5,5 пайызы шетелдік оқу орнын таңдапты. 7506 түлек, оның 81,5 % -ы ҰБТ тапсырады. 13 % -ы жұмысшы мамандықтарын таңдады. 5,5 % - шетелдік оқу орнына түсті. Яғни, қазақстандықтардың көбі жоғарғы оқу орындарына түсуді қалайды. Дегенмен мамандар биыл кәсіптік оқуға сұраныс 3 пайызға артқанын айтады.
Гүлмира ҚАБДИЕВА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Жыл бойы біз балаларды біліктілік орталығында жаңа технологиялардың көмегімен құрылысшы, сантехник, дәнекерлеуші, аспаз, кондитер секілді орта мамандықтарға оқыттық. Барлығы 26 мамандық түрін көріп, үйренді. Олар бәсекеге қабылетті. Сондықтап мектеп түлектері саналы түрде осы жұмысшы кәсіптерін таңдап жатыр. Былтыр түлектердің 10 пайызы колледждерге түссе, биыл ол көрсеткіш 13 пайызға жетті.
Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:
Ертеңнен бастап ҰБТ облыс орталығы мен Теміртау, Жезқазған секілді шағын қалаларда жалғасады. Науқан келесі жұмаға дейін өтеді. Ал 29-шы маусымнан колледж түлектері мен былтыр оқуға түспей қалған жастар сынақ тапсырмақшы.
А. Қуаш, А. Төребекқызы