Русский Сайттың толық нұсқасы

Сириядан келген жігіт 8 жылға сотталды

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2019
  • 2802

Сириядан келген оралдық Абай Хамзуллинов сегіз жылға сотталды. Орал қалалық қылмыстық сотынан хабарлағандай, оның үстінен лаңкестік ұйымға қатысы бар деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған. Сот материалдарына сүйенсек, оны 15 жасында ата-анасы Сирияға алып кеткен. 16-ға толысымен дайындық лагерінде болыпты. Бозбала Қазақстан Үкіметіне хат жазып, биыл елге оралған. Бірақ Оралға келген соң, бірден қамауға алынып, ДАИШ лаңкестік ұйымының әскери операцияларына қатысты деп айыпталған. Ал сотталушының туыстары мұнымен келіспейді. Олар енді облыстық сотқа шағым түсірмекші. Қазір Абайдың отбасы Қазақстанда. Әкесі лаңкестік ұйымға қатысы бар деп айыпталып, қылмыстық жауапқа тартылыпты. 

Е. Карин