Русский Сайттың толық нұсқасы

Н. Назарбаев Қазақстан халқын жаңа біртұтас ұлт ретінде қалыптастырды, - Н. Нығматулин

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2019
  • 3381

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқын жаңа біртұтас ұлт ретінде қалыптастырды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин осылай дейді. Ол Қазақстан қоғамындағы бірліктің сақталуы және нығаюы, Қазақстанның халықаралық аренадағы жоғары беделге ие болуы сияқты жетістіктерді ерекше атап көрсетті.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Осы тарихи сәтте - Елбасымыз оң шешімдер қабылдап, халықтың өмірін өзгертуде маңызды қадамдар жасады. Нұрсұлтан Әбішұлы - жаңа мемлекетті ғана емес, сонымен бірге, қазақстандықтарды - жаңа біртұтас ұлт етіп қалыптастырды. Сондықтан, бүгінгі гүлденген Қазақстан - Ол Елбасының еңбегінің - нәтижесі. Ол Елбасының еңбегінің - жеңісі мен жемісі.  

Айта кету керек, тура 30 жыл бұрын яғни 1989 жылы 22-ші маусымда Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Коммунистік партиясы, Орталық комиссиясының бірінші хатшысы лауазымына тағайындалған еді. Елбасының болашағы жарқын боларын ұстаздары бала кезінде-ақ байқаған. 

Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ: 

Мен осы Нұрсұлттаның классына қазақ әдебиетінен сабақ бердім. Ең бірінші танысқаным сол. Сонда мен ол жайында жаздым. Екі көзі оттай жанып, ішінде бір тыншысы бардай тыным таппай жан-жағына қарайлап, елеңдеп отыратын. Ерекше. Біз енді сәуегей емеспіз ғой, бірақ сабақ берген кісілердің бәрі айтатын: «Әй, мына баладан бірдеңе шығады»,-деп . 

Н. Біләл