Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Арыстағы жағдайды білу үшін Түркістан облысына ұшып барады

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 2354

Президент Арыстағы жағдайды білу үшін Түркістан облысына ұшып барады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы әлеуметтік желіде осылай хабарлады. Мемлекет басшысы твиттердегі парақшасында Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы жарылыс зардабын жойып, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер және Қорғаныс министрі мен Түркістан облысының әкіміне осындай тапсырма берді. Құзырлы органдарға апат себебін анықтауды да жүктеді.