Русский Сайттың толық нұсқасы

Өрт сөндірушілер жарылыс тоқтамағандықтан апатты ауыздықтай алмай жатыр

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 3065

Өрт сөндірушілер жарылыс тоқтамағандықтан апатты ауыздықтай алмай жатыр. Мұны Төтенше жағдайлар комитетінің мамандары хабарлады. Қазір жарылыс аумағына 500-ге жуық өрт сөндіруші мен 50-ден астам арнайы техника жұмылдырылды. Бас құтқарушы Владимир Беккер де сонда. Ал 7 жыл бойы Төтенше жағдай министрі болған Владимир Божко өртті сөндіру соңы өлімге әкелмес үшін қызыл жалынның ошағын тауып алу керектігін айтты.

Владимир БОЖКО, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Адамды өлімге жіберу әрқашанда қиын. Алдымен оқ-дәрі қоймасында не болып жатқанын толық анықтау қажет. Өрт сөндірушілер онда түрлі снарядтарға жарылып мерт болуы мүмкін. Қызыл жалынды алауыздықтауға негізгі кедергі осы. Егер жарылыс снарядтарды жарамсыз ететін бөлікте ғана жарылған болса бір жөн, ал сақтайтын қойманың өзінде болса... Құдай сақтасын!

Ә. Өмірзақ