Русский Сайттың толық нұсқасы

HighVill тұрғын үй кешенінің тұрғындары мектеп пен балабақшаның жоқтығына наразы

  • AstanaTV
  • 24 қазан 2017
  • 3507

Астанадағы ең қымбат элиталы тұрғын үй кешенінің халқы әкімдікке арыз айтты. Олардың айтуынша, HighVill тұрғын үй кешеніне коныстанбас бұрын әкімдік кешен аумағында мектеп пен балабақша салынады деп уәде берген. Алайда, 11 жылдың жүзі болды, әзірге білім ошақтарының орындары ғана тұр дейді. Бұл жерге мектеп пен балабақша салына ма, қашан бой көтереді? Диана Сапарқызы анықтап көрді.

Мына элиталы тұрғын уй кешеніне тұрғындардың көшіп келгеніне 11 жылдан асып кетті. Айтуларынша, құрылысшылар мен қала әкімдігі бұл кешен маңайында тұрғындардың ыңғайлылылығы үшін балабақша мен мектеп болады деп айтқан. Уәдеге сенген 2 мыңнан аса тұрғын бұл жерге еш ойланбастан көшіп келгендерін айтады.

Төкен Өтепов, қала тұрғыны:

Мына квартираны сатып алғанда, ойладық мына жерде детсад, мына жерде мектеп болады деп. Сол үшін алдық. Қала өсіп келеді. Қай жерде болса да, мектеп керек.

Жанат Жексенбиева, қала тұрғыны:

Бізде осы үйді 2012 жылы алған кезде, осындай жақсы инфраструктура болады деп алғанбыз. Мына немерілерімізді  ең бірінші балабақшаға, содан кейн мектеп береміз деп ойлағанбыз. Қуанып сол үшін осында келдік. Бәрі бар бұл комплексте, все условия созданы, но бізге керегі... мына жерде мектеп емес, бір көп этажды үй саламыз деп жатыр.

Шолпан Сүйіншалина осы тұрғын үй кешенінде тұратын көпбалалы аналардың бірі. Ол жақын маңда мектеп пен балабақша болмағандықтан, балаларын қаланың басқа бір бөлігіне апарып шаршағанын айтады.

Шолпан Сүйіншалина, қала тұрғыны:

Қазір 2017 жыл. Берген уәделерніде тұрмады. Бізге мектеп қажет. Біздің үйде көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жасөспірімдер бар. Қазіргі таңда мектепке мұқтажбыз. Қазір біз баламызды Астананың анау шетіндегі мектептерге апарып, алып кетіп отырамыз.

Тұрғындардың наразылығымен, әкімдікке сұрау тастадық. Атқамінерлердің айтуынша, жоспар өзгермеген.

Дулат Жекебаев, Астана қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары:

2018 жылы бізге бюджеттен 9 жаңа мектеп құрылысы мен бір мектепке қосымша құрылысы нақты белгіленді. Сонымен қатар алдағы жылдарда 2019-2020 жылдар, одан да арғы жылдарға тағы да мектеп құрылыстары жоспарланған. Соның ішінде сіз айтқан шағын аудан, сол жерде де мектептер құрылысы жоспарда бар.

Диана Сапарқызы, тілші:

Тұрғындардың айтуынша, мына бос тұрған жерде мектеп салынуы керек екен. Бірақ білім басқармасындағылар білім ордасы дәл осы жерге емес, осы аудандағы Қалдаяқов және Нажимеденов көшелерінде тұрғызылады деп отыр. Онда 240 бүлдіршінге арналған балабақша мен 1200 орынды мектеп бойы көтереді. Олардың құрылысы жоспар бойынша келер жылы басталмақ.

Диана САПАРҚЫЗЫ