Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыс жер сілкінісін тудырды - сейсмологтар

  • AstanaTV
  • 24 маусым 2019
  • 4319

Арыстағы жарылыс аумағында бірнеше жер асты дүмпулері тіркелген. Сейсмологтардың ақпаратына сүйенсек, таңертеңгі 9 жарымнан түске дейін бірнеше жер тербелісі болған. Орталық сейсмикалық обсерваториясының басшысы бұл әскери бөлімнің қару- жарақ қоймасындағы жарылыстан тууы мүмкін екенін мәлімдеді. Дүмпудің күштілігі сонша, магнитудасы төрт баллға жеткен. Мамандардың айтуынша, жер қозғалысы жарылыс болған аумақтан 10 шақырым жерде сезілген.  

Алтай БАЯНДИН, «СЕЙСМОЛОГИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЭКСПЕДИЦИЯ» ЖШС ОРТАЛЫҚ СЕЙСМИКАЛЫҚ ОБСЕРВАТОРИЯНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Бойлық толқындар 3,8. Класы 8,3. Мұндай жағдайда, шамамен 2 баллдық дүмпудің өзін 10 шақырым қашықтықтағы тұрғындар сезуі мүмкін. Одан ары қарай ешкім аңғармаған.

А. Қуаш