Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы әскери қоймадан қауіпсіздікке қатысты кемшілік анықталмаған

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2019
  • 2644

Арыстағы әскери қойма тексерілгенде қауіпсіздікке қатысты кемшілік анықталмаған. Ал онда құрлықтағы әскерлерге арналған артиллериялық қару-жарақтар мен дүркіндетіп ататын ракеталық қондырғылар сақталған. Қорғаныс министрлігі бомба үстінде отырған халыққа қауіп төнбес үшін қойманы көшіруді бастаған. Бірақ қаржы жетпей тоқтатылған. Тілшіміз Абай Сейфулла Үкімет үйінде белгілі болған ақпараттармен бөліседі. Абай...

Абай СЕЙФУЛЛА, ТІЛШІ:

Ия, Ақерке.... Қазір Арыстағы қару-жарақ қоймасындағы снарядтар жарылысын тоқтату мүмкін болмай тұр. ІІМ Ерлан Тұрғынбаев Үкіметтегі баяндамасында осылай деді. Қайтыс болғандар саны екі адамға жетті. Оның бірі әскери қызметкер екені белгілі болды. Ал Арыстан 45 000-ға жуық тұрғынның бәрі толық көшірілген. 39 000-ы өздері жан сауғалаған. Министрдің айтуынша, жоғалған, адасқан балалардың түгелі ата-аналарымен қауышыпты. Ал аумақта 1200 ішкі істер қызметкері жұмыс істеп жатыр. Полиция ұрлық фактілерін тіркеген. Үш адам ұсталыпты.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Бүгін Арыс қаласы жабық. Соперлар жұмыс істейді. Қаланың сыртында үш бекет тұр. Ешкімді қалаға кіргізбейді де, ешкімді қаладан шығармайды да. Енді бір-екі күнде жұмыс бітеді деп ойлаймын.

Үкімет үйінде журналистерге сұхбат берген Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мурат Бектеновтің айтуынша, тұрғын үйлерге 200 метр жақын қашықтықта орналасқан снарядтар да бар. Ал талап бойынша ол елді мекендерден аз дегенде, шақырым алыс болуы тиіс. Дегенмен қорғаныс министрлігі қаржы жетпей дер кезінде басқа орынға көшіре алмаған.  

Мұрат БЕКТАНОВ, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Өкінішке қарай, қалаға 200 метр жерде де снарядтар бар. Біз 10 шақырым қашықтыққа дейін алыстату үшін бірнеше рет әрекеттенгенбіз. Бірақ ол үшін адамдарды көшіру керек. Оның үстіне 800 метр жерде темір жол бар. Оның бәрін қозғалту қажет. 2005 жылдан бері қару-жарақты басқа қоймаларға көшіруді бастағанбыз. Қаржы жетпегендіктен үлгермедік.

Премьер - министр Асқар Мамин қайтыс болғандардың отбасына көңіл айтты. Ал Үкіметке дер кезіндегі шараларды қабылдауға тапсырма берді.  

Асқар МАМИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт КемелұлыТоқаев кеше оқиға орнында болып, осы төтенше жағдвай боынша нақты тапсырмалар берді. Өкіншіке орай екі тұлға, азаматтық тұлға және әскери қызметкер қаза тапты. Осы орайда олардың туған туыстарына көңіл айтамыз.

Бүгінгі Үкімет отырысы түгелімен Арыстағы жағдайға арналды. Онда көтерілген мәсілелерді жаңалықтардың келесі шығарылымында толығырақ айтатын боламын. Ақерке... 

А. Сейфулла