Русский Сайттың толық нұсқасы

Жарылыстан кейін тоқтап қалған Арыстағы теміржол қозғалысы 2 күннен кейін қалпына келтірілуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2019
  • 2347

Жарылыстан кейін тоқтап қалған Арыстағы теміржол қозғалысы 2 күннен кейін қалпына келтірілуі мүмкін. «Жолаушылар тасымалы» АҚ департамент директоры Әлібек Сұлтанов брифингте осылай деп мәлімдеді. Төтенше жағдайдан соң «Шымкент-Арыс-Түркістан» станциясын айналып өту үшін 10 пойыз бағытын өзгерткен. Ол ашылғанға дейін теміржол тасымалы Түркістан мен Шымкент станциясына жетпей «Жезқазған-Сексеуіл» арқылы жүреді. Бұған дейін Арыстағы төтенше жағдайға байланысты жолға шыққан 20 пайыз тоқталыған еді. 8 мыңнан аса жолаушы діттеген жеріне жете алмай қалған болатын.  

Әлібек СҰЛТАНОВ, «ЖОЛАУШЫЛАР ТАСЫМАЛЫ» АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

11 мыңнан аса жолаушыны Арыстағы төтенше жағдайдан соң көшіруге мүмкіндік болды. 5 мыңнан аса адам жолға шығудан бас тартып, билеттің 100 пайыз ақысы қайтарылды.

А. Бектас