Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда балабақша тәрбиешілері жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2019
  • 2017

Ақтауда балабақша бүлдіршіндерін нұқып, оларды сағаттап орындыққа отырғызып қойған тәрбиешілер жұмыстан кетті. Қатыгез қызметкерлер балалардың ойыншықпен ойнауына тыйым салған. Мұны бейнебақылау камерасынан көрген ата-аналар полицияға шағымданыпты. Тәртіп сақшылары бейнежазбаны жіті зерттеп, әкімшілік хаттама толтырған. Ал қалалық білім бөлімі қазір дауға қалған мекемені тексеріп жатқанын хабарлады. Сәбилерге қол тигізген тәрбиешілер жұмыстан шығарылған.  

Әбдімәлік ІЛИЯСОВ, АҚТАУ қ. ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ: 

Әдіскерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің яғни полиция қызметкерлеріне белгілі болған фактілерді жасырғаны үшін хаттама толтырылды. Ал 3 тәрбиешіге олардан түсініктеме алынып, қазіргі уақытта бақылау департаментіне жадыхат жолданып жатыр.

Е. Карин