Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан халқы арыстықтарға жарты миллиард теңге жылу жинады

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2019
  • 2318

Қазақстан халқы арыстықтарға жарты миллиард теңге жылу жинады. Түркістан облыстық әлеуметтік даму корпоративтік қорына жомарт жандардан қаражат әлі де түсіп жатыр. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова брифингте айтты. Жиналған қаржылай көмекті арнайы құрылған комиссия тұрғындарға шеккен зардабына қарай бөліп береді. Сондай-ақ, ол Үкіметтің резервтік қорынан Арыс қаласы мен тұрғындардың үйлерін қалпына келтіруге ақша бөлінетінін айтты. 

Тамара ДҮЙСЕНОВА , «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: 

Бүгінгі таңда біз Шымкент қаласындағы Түркістан облыстық штабының складтарына 518 тонна азық-түлік, киім-кешек, құрылыс материалдарын жеткіздік. Сонымен бірге қазір 9 облыс 89 тонна тура осындай тауарларды даярлап отыр. Қажет кезінде оны жеткізіп береміз. 

Д. Қайыртай