Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ президент Иран көшбасшыларына тіл тигізді

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2019
  • 2939

Ал Иран-америкалық шиеленіс үдегені сонша жеке басқа сөз тигізе бастады. Ақ үй басшысы иран лидерлерін «менменшіл және ақымақ» деп атады. Дональд Трамп «олар елдің экономикалық жағдайына қарамастан, АҚШ ұсынған жаңа келіссөзден бас тартып отыр» деп сынға алды. Ал иран экономикасындағы проблемалар америкалық санкциялардан соң басталған еді. Жақында Трамп Иранға қарсы ғана емес, елдің рухани көсемі аятолла Әли Хаменеиге қарсы шара қолданған еді. Ол Иран билігін қаржылық қорын қолдану мүмкіндігін шектейді. Иран тарапы аятолланың ешқандай мал-мүлкі болмағандықтан оған қарсы шараның ешқандай мәні жоқ деп мәлімдеді. Ал АҚШ оның лаңкестерді қаржыландырып отырған 95 млрд доллары бар деп отыр.

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ :

Иран көшбасшылары ойларына келгенді істей алады. Бірақ олардың экономикасы кедейленген елі бар. Олар оны тез немесе 10 жылдан соң шешуге мүмкіндігі бар. Халқы үшін дұрыс шешім қабылдауы керек. Мен олардың лидерлеріне сенбеймін. Жұртына жаны ашмайды. Егер оларға бәрібір болмаса, келісімге келеді. Келмесе, олар қара бастарын ғана ойлайды. Олар менменшіл әрі нақұрыс.   

БҰҰ-дағы Иранның тұрақты өкілі Маджид Раванчи Вашингтон жағдайды ушықтыруды қалап отыр деп санайды. Америка Ираннан міндететемелерді орындауды талап еткенімен санкцияларды алмай отыр. Дипломат мұндайда қандай да бір диалогқа келудің өзі қисынсыз дейді. Еске салайық, АҚШ Тұтастай бірлесіп әрекет ету жоспарынан біржақты шықты. Келісімді еуропалық әріптестер құтқаруға тырысып жатыр. Тараптар Иран мұнайын алуда санкцияны айналып өту үшін арнайы төлем механизмін іске қосуға да уағдаласты. Бірақ әзірге сөз жүзінде қалып отыр. 

Маджид ТАХТ, РАВАНЧИ БҰҰ-ДАҒЫ ИРАННЫҢ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:

Келісімді бір ғана тарап орындап отыр. Иран ядролық келісімді сақтау үшін барлығын істеді. Енді ол үшін ауыртпалықты мойнына алмайды. Ал Еуропалық Одақ күш-жігерін көрсетуі тиіс. Келісімді сақтау үшін нақты қадамдар жасауы қажет немесе АҚШ-пен бірге оның салдары үшін жауапкершілікті мойындарына алуы тиіс.  

Г. Меңдеева