Жарылыстан зардап шеккен 4 баланың 2-уі Шымкенттен санавиациямен елордаға жеткізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді. Дәл қазір санитарлық борт Шымкент қаласында. Тағы бір бала Алматы ауруханасына жіберіледі. Барлығы 400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген. Қазір ауруханаға жатқызылған 80 адамның 64-і ем алып жатыр. 9 адамның жағдайы ауыр. Денсаулық сақтау министрі "зардап шеккендердің ішінде радиациядан уланғандар жоқ" деді.
Елжан БІРТАНОВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Келешегі емдеудің нәтижесі сол жарақаттың күрделілігіне байланысты. Сонымен қатар 6 науқас түтінмен уланған және 2 науқас отқа күйген. Сонымен радиоактивтік заттардың зиянымен жатқан науқастар жоқ.