Русский Сайттың толық нұсқасы

Б. Сағынтаев пен Қ.Көшербаевтың қызметтері ауысты

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 2006

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қырымбек Көшербаев Президент әкімшілігінің басшысы қызметіне тағайындалды. Ақпаратты Ақорданың ресми сайты хабарлап отыр. 64 жастағы шенеунік 2013 жылдың қаңтар айынан бері Қызылорда облысының әкімі болған. Әр жылдары білім, мәдениет, денсаулық сақтау, білім және ғылым министрі лауазымдарын атқарды. 2012 жылдары президент кеңесшісі, премьер-министрдің орынбасары қызметінде болған. Ал бұған дейін президент әкімшілігін Бақытжан Сағынтаев басқарған еді. Ол Алматы қаласының әкімі болып тағайындалды. Әзірге Қызылорда облысына әкім сайланған жоқ. Ірі мегаполис әкімі болған Бауыржан Байбектің де қай қызметке тағайындалатыны әзірге белгісіз. 

А. Бектас