Русский Сайттың толық нұсқасы

Арыстағы жарылыстан білім беру мекемелері де бүлінген

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 2880

Арыстағы жарылыстан қираған әлеуметтік нысандар қатырында білім беру мекемелері де бар. Төтенше оқиғадан келген шығынды бағалау үшін және жағдайды білу мақсатында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арысқа бармақ. Ведомство басшысының ақпаратынша- қалада 15 мектеп пен 28 балабақша бар. Ғимараттарға әр түрлі деңгейде зақым келген. Бірақ министр қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру үшін қанша қаражат қажет екенін дөп басып айта алмады. 

Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ, ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ:

Мен қазір жиын біткен соң Арыс қаласына жол жүрейін деп тұрмын. Ол жерге біздің қызметкерлеріміз бірінші күн бұрын жіберілген еді. Қазіргі уақытта бірқатар білім беру нысандары қайта жөндеу жұмыстарынан өтуі керек. Министрлік қызметкерлері ақау келген ғимараттарға баға беріп, қанша қаржы керектігін сараптап жатыр. Барлық білім ошақтарын қалпына келтіру үшін арнайы смета да жасақталу үстінде.  

Н. Біләл