Қазақстан
футбол құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Қазір осы жоба
аясында келіссөздер жүріп жатқанын Футбол федерациясы растады. Ұйым жалпы
шығынның 40 пайызын өз мойнына алып, қалған 60 пайызға демеушілер іздеп жатыр.
Ал Астана баскетбол клубы осымен 3 рет қатарынан жеңіліп қалды. Спорт әлемінің
басты деген жаңалықтарын Дәуренбек Бақдәулет баяндап берсін.
Райан
Барнетт жерлесіміз Жанат Жақияновпен қарымта кездесу өткізбейді.
Қазақстандықтан бүкіләлемдік бокс қауымдастығының титулын жеңіп алған ол басқа
жоспары бар екенін айтты. IBF және WBA тұжырымдамасы бойынша жаңа чемпион
Белфастқа келер жылы барып, осы дивизиондағы басқа да белдіктерге таласып
көрмек. 12 раундтан тұрған кездесу қорытындысы бойынша төрешілердің бір ауыздан
шешімімен жүлде алаң қожайынына бұйырған болатын. Қазақстандық үшін 2-ші
жеңілісі болып тіркелді. Жеңісі 27.
Жасұлын
Молдақараев ең шапшаң гол соғып, Қазақстан чемпионаты тарихында рекорд
орнатты. "Тобыл" командасының
шабуылшысы "Оқжетпеспен" өткен кездесудің 10-шы секундында көзге
түсті. Бұған дейінгі рекорд Александр Гейнрих
пен Сергей Шаффқа тиесілі. Олар допты қақпаға 18-ші секундта кіргізген.
"Тобыл" командасының ойыншылары рекорд орнатумен ғана шектелген жоқ.
4:1 есебімен төртінші орында тұрған "Ертісті" жалпы есептен
ығыстырды. Ал топ бастап тұрған көшбасшы Шымкенттегі өткен ойында есе жіберіп,
енді чемпиондықтан қағылуы мүмкін. Қазір "Астана" мен "Қайрат" арасындағы айырмашылық 1 ғана
ұпай. Алайда астаналық команданың алда тағы ойындары бар.
Ал
Сауд Арабиясының «Әл-Хилял» және
«Әл-Батин» футбол клубтарының арасындағы кездесуде күлкілі жағдай болды. Алаң
қожайындары есепті 2:1-ге жеткізіп, жеңіс голын соққаны сол ақ еді, ойын
төрешісі ойыншылардың бірінің аяғына шалынып жығылып, орнынан тұра бере Вальдо
Альинге ескертудің сары қағазын көрсеткен.
ҰХЛ-да
өнер көрсеткен «Вегас» ойыншыларында ерекше тәжірибе болатын сыңайлы. «Голден
Найтс» ойқастай шығып, 7 ойынның алтауын жеңіспен аяқтаған соң, клубта кадрлық
жетіспеушілік байқалған. Себебі негізгі ойыншылардың көбі жарақаттанып қалған.
Енді жас ойыншылардың күні туып тұр. Әзірге олардың жалпы алаңда өткізген
уақыты небары 14 минутты құрайды.