Русский Сайттың толық нұсқасы

Үш елдің елшісі Президентке сенім грамотасын тапсырды

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 2653

Үш елдің елшісі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамотасын тапсырды. Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Иордания, Таиланд және Венесуэла елшілерін қабылдады. Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен құттаған олар, Қазақстанмен достықты нығайтып, экономикалық қарым-қатынасты дамыту жоспарларымен бөлісті. Айта кетсек, Қазақстан үш елмен де тәуелсіздік алғаннан бері жақсы қарым қатынаста. 

Юсуф АБДЕЛГАНИ, ИОРДАНИЯ КОРОЛЬДІГІНІҢ ҚР ЕЛШІСІ:

Біздің ел мен Қазақстан арасындағы достастық 1993 жылдан бастау алды. Қазір түрлі салада қарым-қатынасымыз дамып, жаңа сатыға өтіп келеді. Екі ел арасында үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. Мәдениет және білім беру салаларында, барлық салаларда бірқатар келісімдер бар.  

Ә. Өмірзақ