Русский Сайттың толық нұсқасы

Елде жол сапасын жақсартуға арналған жаңа технология сынақтан өтті

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 1945

Елде жол сапасын жақсартудың жаңа тәсілі пайда болды. Құрамында асфальтты бетон қоспасы мен дөңгелек ұнтағы қосылған жаңа жолдар ауа-райының түрлі қолайсыздығына шыдас береді. Жаңа технологияны сынақтан өткізген Ғылыми-зерттеу институтының мамандары осылай деп отыр. Ол автокөлік дөңгелектеріне де жайлы. Тежеуішті басқанда жылдамдықты азайту оңайға соғатын көрінеді. Әрі жолды төсегеннен кейін бетінде үш жылға дейін шұрық-тесіктер пайда болмайды екен. Демек, кәдімгі жолға қарағанда резеңке-асфальтты жолдар әлдеқайда берік болатындығын көрсеткен. Жаңа технология осыдан екі жыл бұрын Алматы мен Нұр-сұлтан қаласының және Көкшетау тас жолына сынақ ретінде төселген. Ұзындығы 500 шақырымға жететін жолдардың күні бүгінге дейін сапасы бұзылмапты. Осылайша жаңа жолдар ауа-райының аптап ыстығы мен аязды күндеріне де төтеп беретіндігі анықталып отыр. Енді алдағы уақытта резеңке-асфальтты бетон қосылған жолдар елімізде өндіріліске енуі мүмкін.

Ғалия ИЗМАИЛОВА,  "ҚАЗАҚСТАН ЖОЛ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ " АҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ:

Аталған технология АҚШ пен Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде кеңінен қолданылады. Енді біздің елде де мердігерліктерден сұраныс түссе жаңа жолдар төселінетін болады. Сапасы тозған көлік дөгелектерінің резеңкесін пайдалану арқылы, олардың бір кәдеге жарауына жол ашамыз. Сол арқылы сын көтермейтін жолдардың да сапасын арттырмақ ниеттеміз.