Русский Сайттың толық нұсқасы

ҰБТ аралық нәтижесі бойынша түлектердің 21 пайызы шекті балл жинай алмай қалған

  • AstanaTV
  • 28 маусым 2019
  • 3179

Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижесі бойынша түлектердің 21 пайызы шекті балл жинай алмай қалған. Білім және ғылым министрілігің ақпараты бойынша 20-сы мен 28-ші маусым аралығында 92 мың түлек сынаққа қатысқан. Олардың 21 пайызы яғни 20 мыңға жуығы шекті баллға қол жеткізе алмаған. Бұл жылы 117 мың мектеп бітірушісі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуы керек. Тестілеу осы айдың 30-на дейін жалғасады. Шекті балл - 50, максималды балл-140. Айта кету керек, бұл сынақтың нақ қортындысы емес. Өйткені қажетті ұпай жинай алмағандар ақылы түрде тестілеуді қайта тапсыра алады. 

Н. Біләл