Русский Сайттың толық нұсқасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2019
  • 2062

Қасым-Жомарт Тоқаев Иркутск облысындағы су тасқынынан 5 адамның мерт болуына байланысты Ресей Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады. Елдің Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, селден 744 тұрғын зардап шегіп, 153 адам ауруханаға жатқызылған. Владимир Путин топан судың салдарын жою үшін Үкіметтік комиссия құруды тапырды. Облыста маусымның 27-сінен бері төтенше жағдай жарияланған.

Владимир ПУТИН, РФ ПРЕЗИДЕНТІ:

Сібірдегі жағдайды жақсы түсінеміз. Жаз мезгілі тез өте шығады. Қыс ерте түседі. Ал тасқын әлі басылған жоқ. Қашан құрылысты бастаймыз? Суық күндер басталғанға дейін халықтың шатырларды паналап қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрін жасау керек.

Владимир Путин тасқын су қиратқан үйлерді қалпына келтіру туралы бұйрық берген. Ал зардап шеккендерге өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды. Оған 1 млрд рубльге жуық қаражат бөлінді. Сондай-ақ, оқыс оқиға болған аудандарда тауарлардың бағасы күрт өсіп кетпеуін қадағалауды ескертті. Тулун қаласында өзен суы арнасынан асып, дамбаны жарып жіберген. «Сібір» федералдық тас жолы жабылды. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 4 мың тұрғын үй су астында қалып, 15 көпір бүлінген.

Д. Қайыртай