Русский Сайттың толық нұсқасы

Салықтан жалтаратын мейрамханалар азаймай тұр

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2019
  • 2500

Астанадағы 37 мейрамхана салық төлемей келеді. Әсіресе, кассалық аппараттан күніне бір рет немесе айына бір рет қана чек шығару арқылы табысын жасыратындар көп. Салықтан жалтарғандар туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми өкілі мәлімдеді. Елорданың 31 ресторанында құжат жүзінде жалдамалы қызметкерлер жоқ екен. Ал біразы жұмысшылар санын 4-5 ақ адам деп көрсеткен. Салықтан қашатын кәсіпкерлер басқа қалаларда да көп. Мысалы, Алматының 275 мейрамханасының 95-і кірісін көрсетпеген, 123-інде ешкім "жұмыс істемейтін" көрінеді. 

Әлібек АБДИЛОВ, ҚР ҚМ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ :

Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бойынша аталған саладағы салық төлеушілердің 18 пайызы былтыр декларациясында жылына 1 млн теңгеге дейін немесе күніне 3-ақ мың теңге мөлшерінде кірісін көрсеткен. Негізінен салық міндеттемелерін толық көлемде орындамайтын салық төлеушілерге мемлекеттік кірістер органдары бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жолдады. Осындай талдау басқа облыстар бойынша да жүргізілуде.

Мейрамханалар мен қонақүйлер қауымдастығының өкілдері табысын жасыратындар көбіне ұсақ асханалар деп отыр. Қаржы министрлігінің былтырғы бұйрығы бойынша барлық қызмет көрсету орындарында онлайн кассалық машина болуы тиіс. Жыл аяғына дейін барлығын осындай аппаратпен қамту жоспарланған. Сол кезде мейрамханалар кірісін ашық бақылауға болады. 

А. Сейфулла