5 немерелі әженің қуанышы! «Нұр Отан» партиясының мүшесі, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Итеғұлов 3 айдың ішінде Никулалар отбасына жаңа үй салып берді.
64 жастағы Надежда Никула мұндай үлкен үйді ешқашан
армандамағанын да айтады. Ол көп жылдар бойы қызы мен 5 немересімен бірге
саяжай аумағындағы ескі үйшікте тұрып келген еді. Баспанада жылу болмады. Ал
суды алыстан тасып ішетін. Ал жарты жыл бұрын қызы қайтыс болып, немерелерінің
бар ауыртпалығы зейнеткердің өзіне түскен. Отбасының бар табысы 42 мың теңге
зейнетақы ғана.
Надежда Никуланың жағдайын білген «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшесі оған
үй салып беруді шешкен. 2 қабатты зәулім үйде жанға керектің бәрі бар.
Зейнеткер мұнда жақында ғана көшіп келіп, қоныс тойын тойлады. Ол құрылыс көз
алдында жүріп жатса да, жаңа үйі болатынына сенбегенін айтады.
Надежда Никула, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
Үй туралы айтқанда, алғашында сенбедім. Тіпті бізге арнап үй салып жатқанын білмедім. Кейін бізге баспананың кілтін тапсыратынын айтты. Екі депутат пен басқа да адамдар келді. Менің көп нәрсе айтқым келген, бірақ қуанғаным сондай, сөз таба алмадым.
Марат Итеғұлов, Ақтөбе облысы мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Саяжай
аумағындағы арендалық жерге екі қабатты үй салып бердік. Өздеріңіз көргендей,
балаларға өте жайлы. Газ, су, жарық тартылған. Өкініштісі, қызы кезінде жер
телімін рәсімдей алмапты. Ендігі міндет - оны заңдастырып, меншік иесі ретінде
балалардың әжесіне рәсімдеп беруіміз
керек. Сол кезде бұл кісілер бұл баспананың өздеріне тиесілі екеніне анық
көздері жететін болады.