АҚШ Президенті Дональд Трамп Корей Халық демократиялық Республикасының басшысы Ким Чен Ынмен кездесті. Көшбасшылар Оңтүстік және Солүстік Корея арасындағы демилитарлы аумақта қол алысты. Одан кейін Трамп Солтүстүстік Корея жағына өтті. Бейтарап аймақта екеуі алғаш рет жолығып тұрғандықтан, бұл тарихи кездесу деп бағаланды. Олар Корей жарты шарындағы шиеленістің азаюы, екіжақты "қызығушылық мәселелерін" талқылаған. Жүздесу өзара түсіністік жағдайында өткен. Келіссөздер аяқталған соң Ким Чен Ынды Дональд Трамп пен Оңтүстік Корея Президенті Мун Чжэ Ин демаркациялық сызыққа дейін шығарып салды. Соңғы рет көшбасшылар ақпан айында Ханой қаласында кездесіп, ол нәтижесіз аяқталған еді. Солтүстік Кореяның ядролық қарудан бас тарту процесін дамыту мәселесі аяқсыз қалған.
А. Сейфулла