Балаларды әлеуметтік желіде қалай қорғауға болады? Бүгін бұл сұрақтың жауабы «киберқауіпсіздік» бойынша өткен мастер-класста айтылды. Ақпараттық технологиялар саласындағы сарапшылар интернет тақырыбында жасөспірімдермен пікір алмасып, түрлі жалған ақпараттардан қалай сақтанудың жолдарымен бөлісті. Сондай-ақ мектеп оқушыларына әлеуметтік желіде өз парақшаларын қалай толтыруға болатыны жайлы да ақыл-кеңестер айтылды.
Виталий БУГАЕВ, «ДОКТОР ВЕБ-ОРТАЛЫҚ АЗИЯ» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ:
Балалардың интернеттің қараңғылау тұстарымен қызығу фактілері жиіледі. Мәселен, интернетте біреуге жала жабу, ақша бопсалау секілді. Кейіннен тиісті органдар оларды тауып, жауапқа тартты. Сондықтан интернетте өзіңнің болашағың үшін қауіп төндіруі мүмкін дүниелерге қызықпай, сақтаған және кірген сайттарыңды барынша тазалап отыру қажет.
Бұл тренгингке қатысқандардың басым бөлігі тегін IT-сынып оқушылары болды. Ал өзге аймақтағы балалар арнайы бейне-конференция арқылы қосылды. Айта кетсек, «Nur Otan» партиясы жобасының арқасында Қазақстан бойынша 2 мыңға жуық IT - алаң жұмыс істейді. Онда 50 мыңнан астам мектеп оқушысы оқиды.
Сәуле БАҚТЫМБЕТ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, «БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТЕГІН IT-СЫНЫПТАР» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
Жасанды интеллекттің, бұлтты технологиялардың пайда болуымен ақпаратты кеңейту, жинау және талдауға мүмкіндіктер пайда болады. Сонымен қатар ақпараттық алаңда қауіп-қатер мәселесі де келді. Әлемде 4 миллиардтан астам адам интернетті пайдаланады, осыған байланысты біздің балалар да қандай қауіп төнуі мүмкін екенін білуі қажет.
Ә. Өмірзақ