Русский Сайттың толық нұсқасы

Картоптың бағасын алыпсатарлар қолдан өсірген болуы мүмкін - АШМ

  • AstanaTV
  • 23 қазан 2017
  • 3098

Картоптың қымбаттауына бірнеше факторлар әсер еткен. Ал жуырда ғана көршілес Өзбекстанға 800 мың тоннадай өнімнің экспортталуы бағаның одан сайын шарықтауына себеп болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов айтты. Министрдің сөзінше, биыл 3,5 миллион тоннадай картоп жиналған. Бұл өткен жылғыдан 150 мың тоннаға артық. Картоп шетке экспортталған тұста оның көтерме бағасы бізде 95 теңгеге жетсе, қазір  75-80-ге түскен.

Сондай-ақ министр сенбі күні Астанадағы сауда орындары мен базарларды аралап, картоп бағасын көзбен көргенін айтты. Ірі сауда орындарында өнім құнының едәуір арзан екенін байқапты. Мысалы, супермаркетте қартоп 90-нан сатылса, базарларда 115 теңгеден саудаланып жатыр. "Бұл парадокстың себебін өзіміз де түсінбедік", - дейді министр. Ал бағаны алыпсатарлар қолдан өсірген болуы мүмкін деген болжамын жасырмады. 

Асқар Мырзахметов, ҚР вице-премьер-министр, Ауыл шаруашылығы министрі:

Картоп құны алыпсатарлардың кесірінен қымбаттаған деп есептейміз. Әлбетте, мұндайға жол бергендер анықталып, тиісті шара қолданылады. Өйткені кез келген өнімнің бағасын белгілі бір шектен асырмау туралы тиісті талаптар бар, олар заңмен бекітілген.