Қазанда
теңге бағамы 335 теңгеге тұрақтаса, қара алтынның құны 57-58 доллар шамасында
болады. Сарапшылардың бұл болжамын Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы
жариялады. Мамандар тіпті базалық мөлшерлеме 10 пайызға түседі деген болжам
жасап отырған көрінеді.
Ұлттық банк бұған қатысты шешімін 27-ші қарашада
жариялайды. Ресей рублін АҚШ ақшасына шаққандағы жорамал 58 доллар шамасында.
Ал теңгеге шаққандағы рубль 5,8-ден аспайтын көрінеді. Сарапшылар бір доллар
335 теңге төңірегінде тұрақтағанымен, жыл соңына қарай 339,3 теңгеге дейін
өседі деген болжам жасайды. Сауалнамаға қаржы нарығындағы 27 кәсіби маман
қатысқан.