Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы жұмыс берушілердің 70 пайызы колледж түлектерінің біліміне көңілдері толмайды - Қ. Тоқаев

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2019
  • 2222

Қазақстандағы жұмыс берушілердің 70 пайызы колледж түлектерінің біліміне көңілдері толмайды. Шетелдік инвесторлардың 32-ші пленарлық отырысында білім капиталы туралы сөз қозғаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Елде техникалық білім толық жаңғыртуды талап етеді. Жұмыс күшінің 14 пайызы қайта біліктілігін жетілдіруі керек немесе мамандығын ауыстыруына тура келеді. Себебі - қызметтердің көбі автоматтық жүйеге көшіп үлгерді. Президент ендігі ұрпақ біз әлі атын білмейтін мамандықтар бойынша жұмыс істейді деді. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ :

Ближайшие 3 года будут созданы 180 колледжей и 20 переводых ВУЗов, из республиканского бюжети на этой цели только на первом этапе выделяем 58 миллиардов теңге. Главное - существенно обновить, модернизировать образовательную программу с активным привлечением наших зарубежных партнеров. Согласен с мнением, что образование - по сути "отрасль экономики". 

Жиында ERG компаниясының қожайыны Александр Машкевич Тоқаевқа білімге экономиканың бір саласы деп қарамасақ болмайды деген. Қазір әлемде педагогикалық мамандықтағы студенттердің 55 пайызы, жас ұстаздардың 25 пайызы жұмыстарын тастап кеткісі келеді. Себеп - мұғалім мәртебесінің тым төмендігі мен арзымайтын айлық. Проблеманы шешу үшін ол мұғалімдерді тәжірибе жүзінде оқытуға дайындайтын "Teach for All" жүйесін Қазақстанда да енгізуді ұсынды. Соның арқасында Израильде мыңдаған адам табысты жұмысын тастап, мұғалім болуға ұмтылып жатқан көрінеді. 

Александр МАШКЕВИЧ, «ERG» КОМПАНИЯЛАР ТОБЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Мектепке сабақ беруге кездейсоқ адам келмеуі тиіс. Өкінішке қарай қазір көп адам ұстаз болғысы келмейді. Ал оқытуда қазір біз басты назарды белсенді қызметтегі «миллениалдар» буыны мен Z буынына, яғни цифрланған ұрпаққа аударуымыз керек. Былтырғы инвесторлар отырысында айтқанымыздай, айти проблемаларды шешетін стартаптарды белсенді қолдаймыз. Экосистемалық база аясында үлкен білім беру платформасы құрылады. Сол жерде оқытудың жаңа әдістері дайындалады, ол әрине шалғайдағы әр балаға дейін қолжетімді болады.