Русский Сайттың толық нұсқасы

Дәріханаларда рецептісіз берілетін препараттар саны көбейеді

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2019
  • 2369

Дәріханаларда рецептісіз берілетін препараттар саны көбейеді. Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Мұрат МұхамедиЯров хабарлады. Бүгінде елде 8000-ға жуық дәрі тіркеуден өткен. Оның мың жарымнан астамы рецептісіз босатылмақ. Яғни, препараттардың 20 пайызы дәрігердің тағайындауынсыз сатылады. Енді рецептісіз берілетін дәрі-дәрмектер тізімін 30 пайызға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап қағазсыз электронды рецепт жүйесі енгізілмек. Сарапшы бұл жүйенің дәрілерге рецепт жазу кезінде қате жібермеуге мүмкіндік беретінін айтады. Ал психотропты және есірткілік дәрілер тек рецептімен ғана босатылады. 

Мұрат МҰХАМЕДИЯРОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ :

Рецептісіз аллергиялық реакцияларда, асқазан-ішек жолдарының бұзылуында қолданылатын дәрілер босатылмақ. Симптоматикалық препараттар да бар. Бұл тізімдерді қазіргі таңда нақтылау үстіндеміз. Жақын арада барлық сайттар жариялайтын болады. 

Ә. Лесбек