Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұр-Сұлтанда Жекпе-жек сарайы ашылды

  • AstanaTV
  • 04 шілде 2019
  • 8641

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Жекпе-жек сарайы ашылды. «Самұрық-Қазына» Қорының қолдауымен бой көтерген спорт нысанының құрылысына 20 млрд теңге жұмсалған. Жобаның әкімшісі - «Samruk - Kazyna Construction» акционерлік қоғамы. Елорданың өзге ғимараттары секілді бұл нысан да ерекше. Жекпе-жек сарайында балалармен қатар, ересектер де жаттыға алады. Сонымен қатар бокс, күрес, дзюдо, ауыр атлетика секілді спорт түрлерінің барлығынан халықаралық жарыстар өткізуге де болады. Ал спорт залы 5 мың адамға арналған. Сонымен қатар 25 метрлік бассейн, фитнес-орталығы, қонақүй мен мини-футбол алаңы да бар. 

Дархан МҰСАНОВ, «SAMRUK-KAZYNA CONSTRUCTION» АҚ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Кешен халықаралық спорт федерацияларының талаптарына сай салынды. Құрылыс кезінде қуат үнемдеу жүйесі, желдету мен жарық түсіру мәселелері ескеріліп, тың инновациялық инженерлік шешімдер қабылданды. Ғимараттың үшбұрышты пішімі Қазақстанның еркіндігі мен қуатының символына айналған бүркіттің көкке қанат қаққан сәтін елестетеді.

Е. Карин