Русский Сайттың толық нұсқасы

Экстремистік ұйымның белсенділері ұсталды

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 1976

Нұр-Сұлтан қаласында елде тыйым салынған «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының 10 белсендісі ұсталды. Үшеуі - заңсыз митингілерге қатысқаны үшін қамауда отыр. Ал жетеуі - әлеуметтік желілер арқылы халықты шеруге шығуға шақырғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылмақ. Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі олардан компьютер, флеш-карталар мен смартфондар тәркіленгенін айтады. Сараптама қорытындысы шыққаннан кейін олар қылмыстық жазаға да кесілуі ықтимал, деді Софья Қылышбекова.

Софья ҚЫЛЫШБЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:

405-бап бойынша ол - қатысқандар үшін. Ал 7 адам рұқсат етілмеген митингқа шақырғаны үшін. Әкімшілік кодекстің 488 бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылып, қазір сол тәркіленген заттарға қазір сараптама тағайындалып, сол қорытындысы бойынша әлі шешім қабылданатын болады. 

Д. Қайыртай