Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда "7-20-25" бағдарламасымен ипотека алатындар үшін 5 мың пәтер салынбақ

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 2664

Елде тұрғын үйлердің бағасы тағы қымбаттады. Жаңа ғимараттардағы шаршы метр шамамен екі пайызға өскен. Бұл туралы "Крыша.кз" сайты хабарлайды. Алматыда қала орталығындағы жаңа пәтерлер құрылысы бітпей жатып, жалма жан сатылып кетіп жатыр. "7-20-25" бағдарламасымен баспаналы болғысы келгендерге пәтер қала ма? Тілші материалы.

Өскемен қаласының тұрғыны Айдар Есімханов пәтер алуды көптен бері ойлап жүр. Бірақ жақында университетті бітіріп, жаңа ғана жұмысқа тұрған жігіттің ипотека алатын алғашқы жарнасы жоқ. Оған қажетті 3 миллион теңгені жинауға табысы жетпейді.   

Айдар ЕСІМХАНОВ, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Алын-ала төлемді жасау мен үшін қиынға соғады. Себебі жалақым күнделікті шығындармен-ақ кетіп жатыр. Басқалар ұқсап, несие немесе ипотека алғым да келмейді. Оларға екі есе қаражат төлеу керек.

Крыша.кз сайтының мәліметінше, Өскеменде соңғы бірнеше айда тұрғын үй бағасы шамамен 1,5% -ға қымбаттаған. Мұндай өсім елдің басқа өңірлерінде де байқалады. Талдықорғанда - 2,1% болса, Тараз - 1,5% құрайды. Ал , Павлодарда 1,7%-ды, Нұр -Сұлтан қаласы 1,5% -ға қымбаттаған. Алматы қаласының орталық аудандарындағы тұрғын үйлердің ақысы да шарықтап тұр. Алайда тұтынушылар пәтерлердің қымбатшылығына қарамастан, нысандардың құрылысы бітпей жатып, сатып алатын көрінеді.  

Сусар СЕЙІТЖАН, «BI DEVELOPMENT ALMATY» ТАЛДАУШЫСЫ: 

Тұрғын үйлердің шамамен 100%-ы қолдануға берілмес бұрын сатылады. Мұндай жағдайда бағаны тек делдалдар қояды. Анықтағанымыздай, қазір бұл пәтерлердің нарықтағы бағасы бұрынғы бағадан бір жасым есеге өскен.

Бұлай жалғаса берсе, 7-20-25 бағдарламасымен пәтер алғысы келетіндер мүмкіндігі азаяды. Ол кезде пәтерлер екінші нарықпен сатылады. Ал бағасы жеңілдетілген ипотекаға қолайлы қолжетімді пәтерлер негізінен қаланың шет жағында. Ал "Баспана" ұйымындағылар орталықтағы ойын тәртібін орнататын нарыққа ырық бере алмаймыз дейді.  

Жеңіс ШӘРІПҰЛЫ, «БАСПАНА» ИПОТЕКАЛЫҚ ҰЙЫМЫ» АҚ ТАЛДАУШЫСЫ: 

Бұл жерде нарықтық мезанизм жұмыс істейді. Біз жекеменшік компанияларға, үйлерді 7-20-25 бағдарламасы арқылы сатсын деп айта алмаймыз. Әрі қолында ақшасы бар сатып алушыларға пәтерді алмауы үшін ешқандай ұсыныстар айта алмаймыз.

"Баспанадағылар" басқа амалын тауыпты. Олар жергілікті әкімдікпен "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған пәтерлердің жартысын ""7-20-25" бағдарламасымен сату туралы келісімге келген. Енді екінші жартыжылдықта 5 мыңдай пәтер берілмек. Бірақ олар да қаланың орталығында емес. Өйткені Алматының орталығында бос жер қалмаған.   

Ә. Лесбек