Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент әскери ЖОО түлектеріне шен табыстады

  • AstanaTV
  • 05 шілде 2019
  • 3724

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Елордада ел туын көтерді. Осылайша астанамыздың 21 жылдық мерейтойын тойлауды салтанатты түрде бастап берді. «Атамекен» этномемориалды кешеніндегі шарада мемлекет басшысы жоғары әскери оқу орындарының түлектеріне офискерлік шен табыстады. Биыл үздік бітірушілердің саны бұрынғыдан көп. 27 адам лейтенант атанды. 

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Қазіргі күрделі жаһандық ахуалда біздің ер азаматтарымыз түрлі шиеленіс ошақтарына барып бітімгерлік миссиясын абыроймен атқаруда. Бүгінде бейбіт өмір кешіп, жарқын болашақ үшін еңбек етіп отырғанымыз сол ержүрек батырлардың арқасы. Олардың даңқты жолын жалғастыру - сіздерге жүктелген қастерлі парыз. 

Нұрсауле Досқарина оқу бітіре сала Алматыда аудандық полиция бөлімшесіне тергеуші болып жұмысқа орналасқан. Тұрмысқа шығуға талаптанып жатқан қыз бүгін алған офицер шенін алдағы тойға үлкен сый деп отыр. 

Нұрсәуле ДОСҚАРИНА, ҚР ІІМ АЛМАТЫ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ:

Бұйырса тамыз айында бізде той. Жарым да менімен бірге төрт жыл оқыды. Ол да тергеуші болып істейді. Ол қарсы емес жұмысыма... Өте маңызды сыйлық. Ол да 22 маусымда министрден погон алған. Ол да үздік бітірген. 

А. Сейфулла